Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж Олимпиадасы туралы қызықты деректер

Париж Олимпиадасы туралы қызықты деректер

Фото: olympic.kz
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 5 күн қалды. Осыған орай назарларыңызға Олимпиада туралы қысқаша қызықты деректерді ұсынамыз.

- Олимпиада ойындарының ашылу күні Париждің әуе кеңістігі жабылады.
- Жарыстарды өткізу үшін 35 спорт нысаны жұмыс істейді.
- Биыл жарыс бағдарламасынан карате, бейсбол және софтбол сынды спорт түрлері алынып қалды.
- Спортшылар барлығы 329 жүлде жиынтығын сарапқа салады.
- Олимпиадалық ауылға 2500-ге жуық үйлер салынды. Ойын кезінде аталған ауыл 14 500 атлетті сыйдыра алады.
- Олимпиада алауы Грекиядан Францияға қайық арқылы жеткізілді. Алау құтысының төменгі бөлігі аққайнар түсті болаттан дайындалды.
- Ойынның бойтұмары – Фриги есімді фригиялық қалпақ.
- Әлем бойынша 26 мың журналист аккредитация алған.
- Париж қаласында Жазғы олимпиада ойындары соңғы 100 жылда алғаш рет өткізілгелі отыр.
- Тарихта биыл тұңғыш рет Олимпиада ойындары мен Паралимпиада ойындарының бойтұмары бірдей болады.
- 1900 жылы Париж тарихқа енді: Олимпиада ойындарында тұңғыш ре т әйелдер бақ сынады.
- Парижде алғашқы жүлделер 27 шілде күні сарапқа салынады.
- Олимпиаданың ашылуы Сена өзенінде өтеді. Әрбір делегация жекелеген қайықпен жүреді. Шеруге 10 500 атлет қатысады.
- Жабылу салтанатында эстафета АҚШ-қа жолданады. 2028 жылы жазғы олимпиада ойындары Лос-Анджелесте өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыздың алғашқы легі Париждегі олимпиадалық қалашыққа барып үлгерді. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
21 шілде 2024 ж. 348 0

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031