Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына ресми түрде шақырту алды

Қазақстан 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына ресми түрде шақырту алды

Әлемдегі 206 Ұлттық Олимпиада комитетінің 203-і ХОК-тан шақырту алды.
Халықаралық Олимпиада комитеті ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне Париж-2024 ХХХІІІ Олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақыру жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алайда ресми шақырту Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ Гватемаланың Олимпиада комитеттеріне жіберілмеді.
Айта кетейік, 26 шілдеде атаулы спорт шарасының құрметіне Парижде ХОК президенті Томас Бах пен Париж-2024 жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің президенті Тони Эстангуэнің қатысуымен салтанатты шара өтті.
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде 2024 жылдың 26 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында өтеді.
28 шілде 2023 ж. 295 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031