Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Украина бойынша екінші конференция биыл өтуі мүмкін – Сийярто

Украина бойынша екінші конференция биыл өтуі мүмкін – Сийярто

© AP Photo / Efrem Lukatsky
Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі конференцияның екінші раунды биыл өтуі мүмкін. Оған Ресей қатысуы керек. Бұл туралы Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.
Еске сала кетейік, Швейцарияның Бюргеншток қаласында Украина бойынша конференция 15-16 маусымда өтті. Кремль Ресейдің қатысуынсыз Украина қақтығысына қатысты жағдайдан шығудың жолын іздеу мүлдем қисынсыз және пайдасыз деп мәлімдеді.
"Біздің түсінуімізше, осы жылдың өзінде бейбіт конференцияның келесі кезеңін өткізуге күш салынып жатыр. Біз оны, әрине, құптаймыз және бағалаймыз", - деді Сийярто агенттікке.
Бұл ретте ол Швейцарияның тиісті конференцияны ұйымдастыруға зор үлес қосқанын атап өтті.
"Біз олардың (швейцариялықтардың – ред.) бейбіт шешімге қол жеткізу үшін зор күш салғанын құрметтейміз. Бірақ үстел басына соғысушы екі тараптың бірі ғана отырса, нәтиже болуы екіталай", - деді ол.
Сийяртоның айтуынша, алдағы уақытта кез-келген бейбіт конференцияның нәтижелі болатынына үміттену үшін онда екі тараптың да қатысатынына көз жеткізу керек.
17 шілде 2024 ж. 228 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30