Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин аяқталса, сайлау өтеді

Карантин аяқталса, сайлау өтеді

Oinet.kz хабарлайды - Еуропа елдері коронавирустың екінші толқынына дайындалуы тиіс. Ол күзде немесе қыста келуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, COVID-19 індетінің екінші толқыны алдыңғысынан ауыр болады. Адам өлімі көп болуы ықтимал. Сондықтан денсаулық сақтау саласын осыған дайындау қажет. Бұл жолы эпидемияның ошағы Шығыс Еуропаға қарай ойысады. Нақтырақ айтқанда Ресей, Украина, Беларусь елдеріне қауіп төніп тұр. Сонымен бірге індет Қазақстанда да өршуі мүмкін. Клюгенің айтуынша, билікке деген сенімсіздік, пандемияның әдейі қолдан жасалғаны жөніндегі таным-түсінік дертпен күресуге үлкен кедергі келтіреді. Қазақстанда 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режимінің алынып тасталғаны белгілі. 25 мамырдан бастап карантин мерзімі де аяқталуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің шарықтау шегінен өткенімізді атап өтті. Яғни, науқастанғандардың саны енді төмендей бастайды деген сөз. Жалпы, коронавирус Қазақстанда көрші Ресеймен салыстырғанда анағұрлым жеңіл өтті. Алайда бұған тоқмейілсіп, арқаны кеңге салуға болмайды. Күзде, қыста келетін індеттің екінші толқынына сақадай сай болуымыз қажет. Ол үшін билік жазда біраз шаруаны жайғап алуы тиіс. Ең алдымен сайлау мәселесі шешілуі тиіс. Мәжіліс сайлауы биыл өтуі әбден мүмкін. Мәжілістің осы шақырылымының мерзімі келесі жылдың наурызында бітеді. Ал сайлау науқанының бұдан екі ай бұрын басталатынын ескерсек, алдағы саяси доданың өте қолайсыз кезеңге сәйкес келіп тұрғанын байқауға болады. Сондықтан карантин мерзімі аяқтала салысымен билік Мәжіліс сайлауын өткізіп алуға дайындала бастайды. Оның мерзімі жаз айларына белгіленуі мүмкін. Бұдан бөлек биыл қазанда Қазақстанда Сенат сайлауы өтуі тиіс.



15 мамыр 2020 ж. 562 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930