Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда АЭС құрылысы жобасын іске асыру басталды

Қазақстанда АЭС құрылысы жобасын іске асыру басталды

Елімізде атом электр станциясын салу жобасы аясындағы жұмыс басталды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болжамды энергетикалық теңгерім 2023 жылға қарай қуаты 2400 мегаватқа дейінгі атом электр стансасын салу қажеттігін көрсетті. Біздің қор Үкіметтің басшылығымен аталған жобаны іске асыруға кірісті. Бұл бағыттағы жұмыс туралы мүдделі тұлғалар, журналистер және қоғам алдында баяндап отыратын боламыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, қор басшысы қайырымдылық бағдарлама туралы айтты.
«Мемлекет басшысы қор пайдасының 7%-ы «Қазақстан халқына» қорына жіберілетінін айтты. 2018 жылдан бастап қор акцияларының мемлекеттік пакетінде дивидендтер 13 есе өсті. Биыл аталған көрсеткіш 170 млрд теңге болады. Сонымен қатар, шамамен 183 млрд теңге қайырымдылыққа және акционерлердің пайдасына өзге де бөлуге бағытталады. Қордың қайырымдылық бағдарламасы бар. Ол жұмыс «Самұрық-Қазына траст» компаниясы тарапынан жүзеге асырылады», - дейді ол.
15 қыркүйек 2022 ж. 383 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 150

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031