Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС салатын ауданды таңдау кезінде өңірлердің сейсмикалық жағдайы ескеріледі

АЭС салатын ауданды таңдау кезінде өңірлердің сейсмикалық жағдайы ескеріледі

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов атом электр станциясына арналған орынды таңдау кезінде сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше назар аударылатынын айтты, деп хабарлайды inform.kz.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елімізде атом электр станциясы салынатын орында таңдау кезінде сейсмикалық қауіпті өңірлерді зерттеуге қатысты сұрақ қойылды.
«Сейсмикалық қауіпсіздік мәселесі міндетті түрде ескеріледі. Қоғамдық талқылау бойынша ескерілген жұмыстар нақты ауданды айқындауға бағытталған. Нақты орынды жобалық негіздемені дайындаған кезде айқындаймыз. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін кем деген үш орын қарастырылатын болады. Бұл іс-шаралардың әр кезеңінде сейсмикалық жағдайға назар аударылады», - деді Асхат Хасенов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл атом электр станциясын салу технологиясына қатысты түпкілікті шешім қабылданып, базалық жобалау басталады.
Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға жуырда шығарылатыны туралы айтқан еді.
«АЭС-ті орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС-ті салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады», - деді министр.
15 ақпан 2023 ж. 326 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 150

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031