Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентінің әкімі сайланды

Әйтеке би кентінің әкімі сайланды

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш Әйтеке би кенті әкімшілігі ғимаратына арнайы барып, қызметкерлерге кенттің жаңа әкімін таныстырды.

14-ші шілде күні ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің сайлауы өткен болатын. Заң талаптарына сай ұйымдастырылған саяси науқанда тұрғындар өздері қалаған кандидаттарына дауыс беріп, таңдауларын жасады.

Қорытындысында «Amanat» партиясынан ұсынылған кандидат Әбиев Әліби Берікұлы сайлаушылардың 15482 дауысын жинап, Әйтеке би кентінің әкімі болып сайланды.

Әйтеке би кенті әкімшілік ғимаратында өткен жиында аудан басшысы Әліби Берікұлына ауданның жүрегі саналатын кенттің әрі қарайғы жұмысына асқан жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.


Сондай-ақ Ғазиз Әлмәмбетұлы жаңадан сайланған әкімге халық көңілінен шығып, жүйелі жұмыстарды жандандырады деген сенімін білдірді. Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов та сөз алып, тілекші екенін жеткізіп, аудан ардагерлері атынан батасын берді. Жиында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбай жаңадан сайланған әкімге куәлігін табыстады.
Айта кетейік, Әліби Әбиев бұған дейін Қазалы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 шілде 2024 ж. 90 0

Кемел келешек тіледі

06 қазан 2024 ж. 56

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031