Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» фракциясының мүшесі ауданға келді

«AMANAT» фракциясының мүшесі ауданға келді

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Осы орайда, бүгін Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Қазалы ауданында болып, жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмысымен танысты.

Ең алдымен халық қалаулысы аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен бірге Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді. Бүгінде бас мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС тарапынан нысанның іргетасын қалау жұмыстары жүруде.

Өз кезегінде Мархабат Жайымбетұлы спорт кешенін уақытылы әрі сапалы пайдалануға беру қажеттігін айтып, толықтай қаржыландыру бойынша өз тарапынан тиісті жұмыстар жасалатындығын жеткізді.

Осы күні депутат Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын көрді. Бүгінде 154 пәтерлі 77 үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Бұл бағыттағы жұмыстар жайында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев айтып берді.

Айта кетейік, өткен жылы аудан орталығында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 50 отбасыға жаңа баспананың кілті табысталған болатын.
02 шілде 2024 ж. 204 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031