Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаттары аудандағы шағын өндірістік нысандардың жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаттары аудандағы шағын өндірістік нысандардың жұмысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары аясында бүгін Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшелері Мұрат Ергешбаев пен Мұрат Әбенов ауданға арнайы келіп, бірқатар өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен депутаттар Әйтеке би кентіндегі жиһаз және пластикалық бұйымдарын шығару цехында болды. Бұнда соңғы екі жылдан бері ағаштан жасалатын жиһаздың барлық түрлері мен пластикалық есік-терезелер дайындалады. Жеке кәсіпкер, цех басшысы Бақдәулет Шәміл-Ырыстының айтуынша жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыс жоғары. Осы орайда 4 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Мұнан соң депутаттар «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда жүзеге асып жатқан алғашқы жобалардың бірі «Тоlkin_tattileri» кондитерлік цехының жұмысын көрді. Жеке кәсіпкер Толқын Бижанова 2023 жылы аталған жоба аясында 2,5 пайыздық мөлшерде 7 млн. теңге несие алып, бүгінде тұрғындарға кондитерлік өнімдерді ұсынып отыр.

Өз кезегінде халық қалаулылары жалпы кәсіпкерлікті қолдау жұмысы партияның басты басымдықтарының бірі саналатынын атап өтіп, шағын өндірістік нысандардың жұмысы әрі қарай өрлей беруіне тілектестіктерін білдірді.

#AMANAT
10 шілде 2024 ж. 307 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 163

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 180

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031