Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық балуанға Париж олимпиадасының жолдамасы тарту етілді

Қазақстандық балуанға Париж олимпиадасының жолдамасы тарту етілді

Фото: ҰОК
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуаны Мейрамбек Қартбай Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде белдесетін Ұлттық құраманың балуаны Мейрамбек Қартбай Париж олимпиадасында өнер көрсетеді. Ресей балуандары Олимпиадаға қатысудан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестіріліп, әр елдің балуандарына беріліп жатыр. Мейрамбектің жолдамаға ие болуы да заңдылық. Өйткені ол олимпиада жолдамасын сарапқа салған турнирде ресейлік Заур Угуиевтен жеңіліп қалған еді. Осылайша отандасымыз Париждегі дүрмекте өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, Мейрамбек Қартбай 2023 жылғы әлем чемпионатында бесінші орын алып қалған еді. Ол жолдама үшін таласта олимпиада чемпионы Заур Угуиевке есе жіберіп, қалған іріктеу турниріне қатыспады.
09 шілде 2024 ж. 173 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30