Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж-2024: Қазақстан қоржынында қанша жолдама бар

Париж-2024: Қазақстан қоржынында қанша жолдама бар

Фото: Олимпиада комитеті
Қазақстан құрамасының қоржынында Париждегі олимпиада ойындарының 31 жолдамасы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірнеше айдан соң төртжылдықтың басты додасы саналатын олимпиада ойындары да жалауын желбіретеді. Әзірше Қазақстан құрамасында спорттың 11 түрінен, 31 жолдама ғана бар. Ең көп лицензияға иелік еткен – боксшылар. Былғары қолғап шеберлері 6 жолдамаға иелік етсе, нысана көздеуден -5, садақ атудан 4 жолдамамыз бар. Тас жолдағы велоспорт түрінен де әжептеуір жолдамаға қол жеткіздік. Үш велоспортшымыз Париждегі дүрмекте өнер көрсету мүмкіндігіне ие болса, қазіргі бессайыс пен таеквондо спортынан екі-екі жолдаманы жеңіп алдық. Өкінішке қарай, күрес түрлерінен тек екі жолдама бар. Грек-рим күресінен біреу болса, еркін күрестен де жалғыз жолдаманы Азамат Дәулетбеков иеленген еді. Ал әйелдер күресінен бірде-бір жолдамаға иелік етпедік. Бокстан әйелдер құрамасының қоржынында да бір ғана лицензия тұр. Сонымен қатар, спорттық гимнастика мен батуттағы гимнастикадан да бір-бір жолдамаға қол жеткізген едік. Дегенмен олимпиада жолдамасын сарапқа салатын әлі 50 шақты турнир бар. Сол сындарда спортшыларымыз сүрінбей, тиісті жолдаманы еншілетініне кәміл сенеміз.

Айта кетейік, Париж олимпиадасында әлемнің 205 елінен, 10 мыңнан астам спортшы сынға түсіп, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

28 наурыз 2024 ж. 260 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930