Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Токио олимпиадасының кезекті жолдамасын иеленді

Қазақстан Токио олимпиадасының кезекті жолдамасын иеленді

 Қазақстан Токио олимпиадасының кезекті жолдамасын иеленді. Бұл жолы су добы спортынан ұлттық құрама төртжылдықтың басты додасына лицензияны ұтып алды.

 Олимпиада жолдамасы ойнатылатын Азия іріктеуі турнирі өткен жылы Нұр-Сұлтанда өтуі қажет еді, алайда коронавирус пандемиясына байланысты жарыс ақпан айына шегірелген.
Дегенмен әледегі коронавирус ахуалы әлі жақсармағанына байланысты Азия федереациясы құрлықтық доданы өткізбеуді шешті. Олимпиадаға қалған жолдамалар ұлттық құрамаларға үлестіріліп берілді.
Роттердамда өткен Токио олимпиадасының ресми жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы да қатысты. Су добының Азия федерациясы олимпиадаға жолдаманы Джакартада өткен Азиада жеңімпаздарына беруді жөн көрепті. 
Су добынан Қазақстан құрамасы олимпиадада В тобына түсіп, Аустралия, Хорватия, Сербия, Испания, Черногория құрамаларына қарсылас атанды. Ал А тобында Оңтүстік Африка, АҚШ, Венгрия, Грекия, Жапония, Италия ұжымдары өнер көрсетеді. 
Айта кетерлігі, су добынан Қазақстан құрамасы 2000 жылғы Сидней, 2004 жылғы Афины және 2012 жылғы Лондон олимпиадаларына қатысқан. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында Токио олимпиадасына 44 спорт түрінен жолдама бар. 


25 ақпан 2021 ж. 2 842 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031