Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

«Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген халық едік. Атаға қарап ұл, анаға қарап қыз өсетін. «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына өзіндік ықпал ететінін көрсетеді. Өкінішке қарай түрлі жағдайға байланыс­ты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі.

Қазалы аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесімен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында біршама жұмыстың басын қайырды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстық құқықбұзушылықтар және қылмыс орын алмаған.
Қазалы аудандық полиция бөліміне ағымдағы жыл басынан отбасы тұрмыстық қатынастар аясында – 89 хабарлама тіркелді. Оның 78 хабарламасы бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, 89 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған. Отбасы тұрмыстық қатынастар саласында орын алған әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы кодексінің 73 бабымен – 32 дерек орын алған. Соның 11 азаматына әкімшілік ескерту, 9 азаматқа әкімшілік қамау, 1 әкімшілік айыппұл салынды. Ал 11 азамат жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік іс өндірістен тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабының 1-1 бөлігімен – 16 дерек тіркелді. Бұл ретте 4 азаматқа әкімшілік ескерту, 11 татуласуына байланысты іс тоқтатылған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық­құзушылық туралы кодексінің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен – 26 дерек нақтыланды. Мұнда 5 азаматқа әкімшілік ескерту, 4 азаматқа әкімшілік қамау, 17 татуласуына байланысты іс жабылды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы кодексінің 461 бабымен – 4 дерек түсті. Аталған тұлғаларға әкімшілік қамау жазасы қолданылды.
Ағымдағы жыл басынан 7 азамат 2 рет отбасы тұрмыстық қатынастар аясында құқықбұзушылық жасағаны үшін қайталанған «жасыл» санатқа енгізілді. Сонымен қатар 11 азаматқа қатысты «ерекше талап» орнатылды. Оның ішінде 1 азаматқа атыс қаруын, қаруды, пышақты сақтауға, алып жүруге және пайдалануға тыйым салынған. Ал 8 азаматқа алкогольдік ішімдіктер ішуге; 2 азаматқа жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салу міндеттелді. «Қорғау нұсқамасы» санатымен профилактикалық есепке алынған – 89 тұлғаның сегізі бөлімнің «маскүнем» санатымен тізімдік есепте және аудандық наркологияның есебінде тұрады.
Қазір бөлімнің «маскүнем» санатымен 251 тұлға БДБ есебінде тұрады. Аудандық наркологиямен тізім теңестіріліп, ай сайын салыстыру актісі жасалып отыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында аудандық прокуратураның бастамасымен қорғау нұсқамасы тізіміне алынған – 45 жұмыссыз тұлғаға қатысты аудандық жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді. Отбасында тұрмыстық қатынастар аясында орын алған жанжал негізінде жәбірленушілерге уақытша баспана ұсыну үшін құрылған Отбасын қолдау орталығына (мекен жайы Қ.Сансызбаев №2) жеткізілген азаматшалар туралы деректер тіркелмеген.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Жастар ресурстық орталығы маманының қатысуымен Бірлік, Жанкент ауылдарында ауыл тұрғындарымен кездесу, №234 Ж.Жабаев атындағы мектепте, Жанқожа батыр, Ақтан батыр ауылының мектептерінде, Қазалы аграрлық техникалық колледжінде жиналыстар өткізілді. Кәмелетке толмағандардың арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу болдырмау бойынша мектеп оқушыларына кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Биыл жыл басында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы және учаскелік полиция инспекторларымен бірге профилактикалық есепке алынған тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерілді. Отбасы тұрмыстық құқық­бұзушылықтар жасап, есепке алынған тұлғалар учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен тұрақты бақылау жұмысы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бұйрығының талаптарын орындау мақсатында аудан көлемінде Қазалы аудандық полиция бөлімінінің ӘЗЗҚ тобымен зорлық-зомбылық проблемалары жөніндегі ақпараттық-ағарту жұмыстары үнемі ұйымдастырылады. Жыл басынан бері отбасы тұрмыстық саласындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында әлеуметтік желілерде және газетте 43 мақала жарияланды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында кездесулер өткізілді. Халық көп шоғырланатын жерлерде зорлық-зомбылықтың алдын алу алгоритмі көрсетілген ескертпе жадынамалар таратылды. Прокуратура және аудандық ардагерлер кеңесі және әйелдер кеңесі төрағаларының қатысуымен отбасылық жанжал шығарған құқықбұзушы және жәбірленушімен кездесіп, бейнеролик түсірілді. Халыққа психологиялық құқықтық көмек көрсету бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен психологиялық кеңес берілді.

Сәуле БИШЕКОВА,
Қазалы ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны


02 шілде 2024 ж. 171 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031