Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Фото: Үкімет
ҚР Үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаражат табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою шеңберінде өңірлік бюджетке аударылады. БҚО әкімдігі ҚР Энергетика министрлігіне 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс.

Қалпына келтіру жұмыстары келесі учаскелерде жүргізіледі: 1. Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая; 2. Кеңтүбек (Григорьевка) – Бөрлі ауданындағы Александровка; 3. Шыңғырлау – Шыңғырлау ауданындағы Ащысай (Мырзагора).

Еске сала кетейік, елімізде болған алапат су тасқыны салдарынан инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым және жолдар бүлінген болатын. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қирап, 54 шақырым желі үзілген. Қазіргі таңда оның 40%-дан астамы қалпына келтірілді, жұмыс жаз айларында қарқынды жалғасып жатыр.

Сондай-ақ бұған дейін Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге төтенше резервінен 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарын қамтиды.

Зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу және инфрақұрылымның барлық түрін қалпына келтіру мәселелері Үкіметтің қатаң бақылауында.
26 маусым 2024 ж. 172 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 103

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930