Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер марапат мінберінде

Мемлекеттік қызметшілер марапат мінберінде

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай салтанатты шара өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев қатысып, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
– Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде елімізде ауқымды істер атқарылды. Қазақ елінің осындай жетістіктерге жетуіне мемлекеттік қызметкерлердің еңбегі ерекше екенін ешкім жоққа шығармасы анық. Өйткені олар өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, еліміздің тәуелсіз, демократиялық, әлеуметтік және құқықтық елге айналуына үлкен үлес қосып келеді. Негізінен, мемлекеттік қызмет – барлық басқару жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғамның басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі, алға жылжып дамуы мүмкін емес. Қазіргі қоғамның ­талаптарына сай билікке деген сенім де мемлекеттік қызметшіге байланысты қалыптасады. Себебі қай елді алсаңыз да, оның өсіп-өркендеуіне үлесін қосып, маңдай терін төгіп жүрген мемлекеттік қызметтегі азаматтар. Халқымызда «Билігі мықты елдің тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Бұл осы салада еңбек етіп жатқан сіздер мен біздерге артылар міндеттің ауқымды екендігін көрсетеді, – деді Жалғас Оңғарұлы.
Салтанатты шарада бірқатар мемлекеттік қызметкерлер марапат мінберінен көрініп, Алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар еңбек еткен аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметулла Аманов барша мереке иесін атаулы күнмен құттықтады.
АрайлымЖҮСІПОВА
26 маусым 2021 ж. 1 036 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 55

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 42

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 56

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 55

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 57

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031