Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер марапат мінберінен көрінді

Мемлекеттік қызметшілер марапат мінберінен көрінді

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай салтанатты шара өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев қатысып, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
«Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде елімізде ауқымды істер атқарылды. Қазақ елінің осындай жетістіктерге жету жолында мемлекеттік қызметкерлердің еңбегі де ерекше екенін ешкім жоққа шығармасы анық. Өйткені, олар өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, еліміздің тәуелсіз, демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына үлкен үлес қосып келеді. Негізінен, мемлекеттік қызмет – барлық мемлекеттік басқару жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам - мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі, алға жылжып дамуы мүмкін емес.

Қазіргі қоғамның талаптарына сай билікке деген сенім де мемлекеттік қызметшіге қарап қалыптасады. Себебі, қай мемлекетті алсаңыз да, оның өсіп өркендеуіне үлесін қосып, маңдай терін төгіп жүрген мемлекеттік қызметтегі азаматтар. Халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Бұл - осы салада еңбек етіп жатқан Сіздер мен біздерге артылар міндеттің ауқымды екендігін көрсетеді,- деді Жалғас Оңғарұлы.

Салтанатты шарада бірқатар мемлекеттік қызметкерлер марапат мінберінен көрініп, Алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар еңбек еткен аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметулла Аманов барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
23 маусым 2021 ж. 369 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 47

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031