Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда конституция күніне орай салтанатты шара өтті

Қазалыда конституция күніне орай салтанатты шара өтті

Елдігіміздің алтын айғағы болған – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында салтанатты шара өтті.
Мерекелік кеште алдымен көк туымыз сахна төріне шығарылып, мемлекеттік Гимн орындалды. Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз алып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
– Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 28 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда дауыс беру арқылы еліміздің негізгі Заңы қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстан зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет деп жариялады. Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігінің кепілі. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған Ата Заңымыздың айбыны арта берсін! – деді Мұхтар Әуесұлы.
Аудан басшысы сонымен бірге, Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығына темір тұлпардың кілтін табыстап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды облыс әкімі және аудан әкімінің арнайы «Алғыс хатымен» марапаттады.
Мерекелік шара мұнан соң аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, әсем әннен шашу шашылды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
31 тамыз 2023 ж. 565 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 31

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 24

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31