Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жайлаудағы ауыл келіні – 2024" байқауы өтті

"Жайлаудағы ауыл келіні – 2024" байқауы өтті

Сәрсенбіде Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы "ХАЛЫҚ" мешіті мен бірлесіп "Отбасы" күні аясында "Жайлаудағы ауыл келіні – 2024" атты дәстүрлі аудандық келіндер байқауын өткізді.
Байқау "Халық" мешітінің ауласында, ашық аспан астында болды. Келіндер сайысының ашылуында мәдениет орталығы директорының міндетін атқарушы А.Маратқызы мен "Жанқожа батыр" мешітінің бас имамы Н.Асқарұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп ашып берді.
– Жарық дүниеге Жаратқанның бұйрығымен қыз болып келген жаратылыс иелерінің барлығы бой жетіп, кезі келгенде оң босағадағы орнын ақ шымылдықтың ар жағындағы жаңа өмірге айырбастауы, солайша бір үйдің, бір әулеттің келіні атануы заңдылық.
«Келін» дегенде көз алдыңа жүзінен нұры төгілген, ізетті де инабатты, өн бойынан кішілік пен мейірімділік есіп тұратын, талшыбықтай майысқан сүйкімді жан елестейді. Ежелден, сонау ықылым заманнан жаңа табалдырықты имене аттаған сәтінен-ақ жас келін сол отбасы мүшелерінің жүректеріне шырақ жағып, өмірлерінің көкжиегін кеңейтеді. Қиялдарына қанат бітіріп, үйдің қуыс-қуысының бәрін қуанышқа толтырады. «Жаңа түскен келіннің аяғымен» осылай әр шаңыраққа құт-береке енеді. Бүгін міне қазақ келіндері жиналып, үлкен байқау өткелі жатыр. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді Айгүл Маратқызы.
Ауданға қарасты тоғыз ауылдан келген жас келіндер бес кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, "Мен қазақтың келінімін" кезеңінде келіндер отбасындағы сыйластықпен құрметке, береке мен ұштасып отырған жайлы өздері туралы таныстырса, екінші "Қамыр жаю" кезеңінде әрқайсысы қамыр жаюдың әдістерімен тәсілдерін шеберлікпен көрсетті.
Ал, "Нан жабу" кезеңінде ашық аспан астында, ауа-райының ыстығына қарамай қатысушылар қазан ошақта нан жапты. Басқа да"Ас адамның арқауы", "Ата салтым – халықтық қалпым" сынды кезеңдерде ұмыт қалған қазақтың ұлттық тағамдарын үйден дайындап әкелді, әдет-ғұрып, дін мен дәстүрге қатысты сұрақтарға да жауап берді.
Келіндер байқауында Ү.Түктібаев ауылының зейнеткер ұстазы, батыр ана – Күнқияш Әзбергенқызы мен "Халық" мешітінің әйелдер жамағатының мүшесі –  Өтебике Төлебай сынды ақ-жаулықты аналар қазылық етті. Нәтижесінде, байқаудың бас жүлдесін Тасарық аулының келіні Жанайым Асанова жеңіп алды. Бірінші орыны Ғ.Мұратбайлық Мейрамкүл Нартай иеленсе, екінші орынға сарбұлақтық Бағым Тұрмағамбетова жайғасты. Ал үшінші орынды Ақсамал Тасбихқызы мен Балқадиша Айтмұхамбетовалар өзара бөлісті.
Сонымен қатар, ақсуаттық Асылгүл Өтебаева "Шебер келін" бағамына лайықты деп танылса, Қ.Пірімов ауылының келіні Мейрамкүл Қабылбаева "Көрермен көзайымы", Асылзат Сейіл "Ибалы келін" және "Дін мен дәстүрді сақтаған келін" бағамын Анар Ермекбаева алды.
Байқаудың қорытынды сөзін "Халық" мешітінің бас имамы Бақытжан Қалиев алып, барша қатысушыларға мешіт атынан арнайы, бағалы сыйлықтар табыстады.
21 маусым 2024 ж. 91 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031