Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласында жиі жемқорлық жасалатын өңірлер аталды

Білім саласында жиі жемқорлық жасалатын өңірлер аталды

Фото: Kazinform
Білім беру саласында жасалған сыбайлас жемқорлық әрекеттерден мемлекетке былтырдан бері 15,1 млрд теңге шығын келген. Толығырақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтып берді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда. 2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 229 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша шығын 15,1 млрд теңгені құрады. Жымқырудың ең көп сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласында анықталды», - деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында 317 тұлға қылмыс үстінде әшкереленіп, оның ішінде 144 адам сотталған.

«Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды», - дейді ол.
19 маусым 2024 ж. 307 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031