Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түлік жеткізілімі мемлекетке 6 млрд теңге шығын келтірді

Азық-түлік жеткізілімі мемлекетке 6 млрд теңге шығын келтірді

Азық-түлік өнімдерін жеткізудегі алаяқтықтан мемлекетке 6 млрд теңгеден астам шығын келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын-алу бөлімінің бастығы Анар Жарова хабарлады. 

Ол тауарлардың мемлекеттік стандарт талаптарына неге сәйкес келмегенін түсіндірді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК-мен бірлесіп өткен жылдың басынан бастап мемлекеттік материалдық резерв комитетінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының лауазымды тұлғаларына және жеткізуші компаниялардың өкілдеріне қатысты қылмыстық істі тергеп келеді. Криминалдық схема мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдерін жеткізу болды. Жалпы шығын көлемі 6 млрд теңгеден асты», — деді Жарова.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның өкілі қылмыстық жауапкершілікке барлығы 24 адам тартылатынын, оның ішінде екі бұрынғы комитет төрағасы бар екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта тергеу аяқталды, қылмыстық іс материалдарымен танысу рәсімі жүріп жатыр, содан кейін ол сотқа жіберіледі», — деп түйіндеді Жарова.

27 қазан 2019 ж. 1 070 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031