Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері жолаушылар тасымалынан шеттетілуі мүмкін

Жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері жолаушылар тасымалынан шеттетілуі мүмкін

© Sputnik / Владислав Воднев
Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін. Аталған шараларды көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр. 
"Осылайша, қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігі жөнінде және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұратын болады", - делінген көлік министрлігі таратқан ақпаратта.
Жалпы көлік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Яндекс Go және inDrive арасында қол қойылған Меморандум мобильді қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауын көздейді.
Құжатты іске асыру аясында платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Оқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.
Меморандумды әзірлеу барысында көзделген басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру.
06 маусым 2024 ж. 316 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 122

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031