Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат «Масс медиа туралы» заңды мақұлдады

Сенат «Масс медиа туралы» заңды мақұлдады

Арман Мухатов, архив – BAQ.KZ
Бүгін Сенат«Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет сұранысқа ие және тәуелсіз медианы дамытуды ынталандыруға ерекше назар аударуға тиіс» деп атап өткен болатын.
Сенатор, Айгүл Қапбарованың айтуынша, қаралып отырған Заңдар осы заман талабына сай медиа кеңістікті қалыптастыру үшін бірқатар жағдайларды жасайды.

Осы мақсатта «Масс-медиа туралы» заңға «Бұқаралық ақпарат туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» ҚР қолданыстағы заңдардың нормалармен бірге келесі жаңалықтарды енгізу көзделген.

Бірінші, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды.
Екінші, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді.
Үшінші, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Төртінші, БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді.
Мемлекеттік тілдегі теле-радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%). Отандық теле-радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле-радиоарналардағы көлемін 50%- дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%) көзделген. Отандық теле-радиоарналардағы шетелдік бағдарламаларды ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін азайту% белгіленді, - деді сенатор Айгүл Қабпарова.

Сенатордың айтуынша, журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы арқылы 6 кодекске және 22 заңға «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзін негізгі заңға сәйкес «масс-медиа» сөзімен ауыстыру мәніндегі түзетулер енгізілді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңмен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде «Бұқаралық ақпарат туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың бір заңның аясына біріктірулуіне байланысты оларға қатысты нормалар да бір баптың аясына біріктіріліп, «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «масс-медиа» сөзімен ауыстырылды, - деді Айгүл Қапбарова
06 маусым 2024 ж. 72 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930