Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағын сумен күрес жалғасуда

Ағын сумен күрес жалғасуда

Елімізде сарсаңға салған су тасқынынан болған апатпен күрес әлі де жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Үкімет таратқан мәліметтерге сенсек, елдегі ахуал ақырындап оңтайланып келеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, елімізде әлі де тасқын су салдарынан болған апатпен күресу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда су басқан аумақтарға арнайы техникалар тартылып, әрбір аула аумақтарынан жүздеген мың текше метр су сорылуда. Соның ішінде, Петропавлда су басқан қалған 29 аула аумақтарын сору жұмыстары жалғасып жатыр.
Тәулігіне 153 320 текше метр су сорылды. Облыстағы су тасқыны жағдайының тұрақталуына байланысты Алматы, Абай, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарынан қосымша тартылған құтқарушылар күн ішінде Атырау облысы бойынша 66 770 текше метр су басқан аумақтардан су сорылды, 10 200 қап төселді.
Атырау қаласы мен Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, қосымша жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, жағымды жаңалықтарға келер болсақ, Қазақстан Үкіметі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастыруда.
Үкімет таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінгі күні 29 625 отбасы 10,7 миллиард теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасуда.
Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды. 356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 миллион теңге өтемақы алған.
Айта кету керек, мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 миллиард теңге жетті. Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған.
Бұдан бөлек, су тасқынынан кейін қираған баспананың орнына қанша отбасы үй мен пәтер алғаны да белгілі болды.
Жалпы республика бойынша 61 348 эвакуа­цияланған адам үйлеріне оралды. 5 460 адам уақытша орналастыру орталықтарында қалды. 11 319 жеке тұрғын үйлер мен 3 593 аула аумақтарынан 22,4 миллион текше метр еріген су бұрылып, сорылды. 7,9 миллионнан астам қап пен 1,5 миллион тонна инертті материалдар төселді. Су тасқынына қарсы жұмыстарға 6086 адам мен 945 техника, 344 су айдау техникасы мен 63 су көлігі, 7 ұшақ жұмылдырылған.
С.ӘЛИҰЛЫ
28 мамыр 2024 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031