Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны: 43 мыңнан астам адам үйіне оралды

Су тасқыны: 43 мыңнан астам адам үйіне оралды

 Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 70 үйдің суы сорылып, 202 мың құмқапшық төселді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.
«Осы уақытқа дейін республика бойынша 43 015 адам өз үйіне оралды. 6 338 адам эвакуациялау пункттерінде қалды. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы 7 710 тұрғын үй мен 2 844 аула аумақтарынан су бұрылып, сорылды», деді Асқар Шәріп.
 Асқар Шәріптің айтуынша, апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 14 мыңнан астам адам мен 1529 техника, 226 су сору техникасы, 100 су көлігі, 6 ұшақ жұмылдырылған.
«Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма және Кіші Үлбі өзендерінде су деңгейі көтерілді. Алтай және Глубоковский аудандарына ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімі мен Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары жіберілді. Аэровизуальды барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Асқар Шәріп.
02 мамыр 2024 ж. 365 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031