Бастауыш партия ұйымдарының есебі тыңдалды

Осы мақсатта қалған 12 бастауыш партия ұйымының төрағаларымен де кезекті есеп беру жиыны өтті. Іс-шараға арнайы партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш және әр округ бойынша аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
- Бүгінде партиялық жобалар шеңберінде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып келді. «Бақытты отбасы» жобасының «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы дәстүрлі түрде өткізіліп, бірқатар оқушыларға мектеп формасы және оқу құралдары табысталды. «Кедергісіз келешек» және «Ұлттық мұра» жобалары бойынша іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Партия филиалымен бірлесе халық қалаулыларының қатысуымен қоғамдық қабылдаулар өтуде, - дейді «Қ.Сәтбаев» БПҰ төрайымы Зинегүл Жүсіпова.
Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымының басқа да төрағалары атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады. Сайлаушылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, «AMANAT» партиясының бағдарламалары мен жобалары бойынша бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Жиын соңында Ғазиз Әлмәмбетұлы партияның іргетасы, басты күші бастауыш партия ұйымдары екенін атап өтіп, жұмысты әрі қарай жандандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.
#AMANAT