Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркі инвестициялық қоры ресми түрде іске қосылды

Түркі инвестициялық қоры ресми түрде іске қосылды

cover Фото: Үкімет
Ыстамбұлда Түркі инвестициялық қорына (TIF) мүше елдер Басқарушылар кеңесінің бірінші инаугурациялық отырысы өтті.

Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров кеңестегі Қазақстанның өкілі болды.
Түркі инвестициялық қоры түркі әлемі елдерінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты болып табылады. Оның бастапқы капиталы 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Түркия Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың соңына қарай түркі мемлекеттері әлемдік экономикада маңызды орынға ие болып, экономикалық көлемі 1,9 триллион долларға және халқы 178 миллион адамға жетеді.

Нұрлан Байбазаров Қазақстан үшін түркі интеграциясын дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қор жұмысы әртүрлі салалардағы бірлескен жобаларды қолдауға бағытталатын болады. Олар инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, туризм, IT сияқты салаларды қамтитын болады.

Қор аясындағы ынтымақтастық Қазақстанға әлеуметтік маңызды жобаларды іске қосу үшін қаржыландыру, гранттар және техникалық көмек алуға, сондай-ақ түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.


22 мамыр 2024 ж. 244 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930