Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркі мемлекеттері ұйымына 14 жыл толды

Түркі мемлекеттері ұйымына 14 жыл толды

Бүгін түбі бір түркі елдерін біріктірген ұйымға 14 жыл толып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы 3 қазанда Әзербайжанның Нахчыван қаласында құрылды. Ол кезде кеңес құрамына Түркия, Әзербайжан, Қазақстан мен Қырғызстан кірген. 2019 жылы Баку саммитінде Өзбекстанның қатысуымен мүше елдер саны 5-ке жетіп, Түркіменстан, Венгрия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы "бақылаушы" ретінде қосылған.
Ал 2021 жылы Ыстанбұлда түркі елдері мемлекет басшыларының қатысуымен өткен саммит барысында атауы "Түркі мемлекеттері ұйымы" деп өзгерді.
Түрік әлемін ортақ тарихи және мәдени құндылықтармен біріктіруді мақсат еткен ұйым, мүше елдермен экономикадан саясатқа, мәдениеттен туризмге, білімнен спортқа дейін әртүрлі салаларда ынтымақтастықтың негізін қалау үшін жұмыла жұмыс істеп келеді.
Түркі мемлекеттері ұйымы мүше елдермен 14 жылда түркі әлемінің геосаяси жағдайын нығайтқан халықаралық ұйымға айналып отыр.
Құрылғаннан бері мемлекет басшылары деңгейінде 9 саммит ұйымдастырылды. Ал қарашаның 3-і күні Қазақстанның бас қаласы Астанада түркі мемлекеттері елдерінің 10-шы саммиті өтпек. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
03 қазан 2023 ж. 553 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 70

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 68

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930