Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек – Тоқаев

«Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек – Тоқаев

«Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр. Түркі әлемінің өркениеті Ұлы даладан бастау алатыны баршаға мәлім. Осы ортақ құндылықтарымыздың мұрагері — Түркі мемлекеттері ұйымы. Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету — ортақ мұрат. Біз „Түркі әлемі“ атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беріп отырғанын баса айтты.

«Сондай-ақ біз түрлі саладағы байланысты орнықтыруға, халықаралық беделімізді көтеруге күш саламыз. Түркі бірлігін таныту үшін біздің төрағалығымыз „ТҮРКІ ДӘУІРІ!“, яғни „TURKTIME!“ ұранымен өтеді. Осыған орай, салт-дәстүр (Traditions), біріздендіру (Unification), реформалар (Reforms), ғылым (Knowledge), сенім (Trust), инвестиция (Investments), медиация (Mediation) және энергия (Energy) атты сегіз мәселеге басымдық береміз. Бұл басымдықтар ұйымның 20-шы саммитіне дейінгі он жылды қамтитын қысқа және орта мерзімге арналған», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
03 қараша 2023 ж. 327 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 23

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930