Түркі әлемі елдерінің нотариаттар одағы құрылды
Бүгін Анкарада нотариаттық палаталардың төрағалары «Түркі әлемі елдерінің нотариаттар одағын» құру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inform.kz
Қол қою рәсіміне Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан әділет министрлері, Қырғызстан әділет министрінің орынбасары және Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы қатысты.
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев өз сөзінде түркі әлемі елдері арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық пен дамудың маңыздылығын атап өтті.
Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Нотариаттар одағының құрылуы ТМҰ елдеріндегі тұрақтылықты нығайту және құқықтар мен мүдделерді қорғаудың маңызды құралы болатынын айтты.
Жиынға қатысушылар нотариат саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және заң қызметін дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-шара аясында Азамат Есқараев Әзірбайжанның Әділет министрі Фикрет Мамедов, Түркияның Әділет министрі Йылмаз Тунч және Өзбекстанның Әділет министрі Акбар Ташкуловпен екіжақты кездесулер өткізді.
Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымына Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдері мүшелікке кіреді.