Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 832 мың оқушы үшін «Жазғы мектеп» ұйымдастырылады

Биыл 832 мың оқушы үшін «Жазғы мектеп» ұйымдастырылады

Фото: ult.kz
27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтың айтуынша, негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру.

    «Су тасқыны орын алған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін «Жазғы мектеп» аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі берілуде. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқытудан өткен 832 мың оқушыны қамтиды. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді», деді Қаныбек Жұмашев.

«Жазғы мектепке» балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.
22 мамыр 2024 ж. 235 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930