Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлағатты ұстаз Қалниз Ерболатты еске алуға арналған пәндік олимпиада өтті

Ұлағатты ұстаз Қалниз Ерболатты еске алуға арналған пәндік олимпиада өтті

17 мамыр күні Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектепте ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, ұлағатты ұстаз Қалнияз Ерболат Бекаралұлын еске алуға арналған пәндік олимптада өтті. Білім байқауы физика, математика пәндері бойынша 5-6, 9 сыныптар арасында ұйымдастырылды.
Аз ғана ғұмырынба осындағы білім беру ісінің дамуына ерекше еңбек сіңірген тұлғаны еске алу жиынына аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов арнайы келіп, Ерболат Бекаралұлы туралы естеліктерімен бөлісіп, марқұмның есімі ел жадынан өшпейтінін айтты. Биыл аудандық деңгейде өткізіліп отырған білімділер бәсекесі ауқымын кеңейтетінін тілге тиек етіп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін марқұм ұстазға арнау оқылып, ұстаз өмірінен алынған қысқаша видеоролик көрсетілді. Жиынға келген аудандық мәслихат хатшысы Орынбаев Арғын және шараның құрметті қонағы Қуанғалиев Данахмет игі істі ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Аудандық олимпиадаға 83 оқушы қатысып, бақ сынасты. Сайыс нәтижесіне сәйкес:
5-сынып Математика пәні бойынша:
1-орын: Нұртаза Әбілмансұр- №249 мектеп-лицейі;
2-орын: Жанғали Нұржан- №204 мектеп;
3 -орын: Талғатқызы Медина- №165 мектеп;
6-сынып Математика пәні бойынша:
1-орын: Мыңболсын Нұрасыл-№204 мектеп;
2-орын: Тұрсын Айкүн-№249 мектеп-лицейі;
3-орын: Тұрсынбек Нұрислам-№165 мектеп;
9-сынып Физика пәні бойынша:
1-орын: Серікұлы Әділет- №249 мектеп-лицейі;
2-орын: Нурлыбекқызы Диана-№16 мектеп-лицейі;
3-орын: Бірлік Қайсар- №25 мектеп;
Олимпиада үздіктері естелік және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Марқұм Ерболат Қалнияовтың ағасы Таңатар ақсақал жас ұрпаққа батасын беріп, сайыс қорытындыланды.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
18 мамыр 2024 ж. 421 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 112

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031