Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық дәрігерлер бiлiктiлiгін арттырды

Қызылордалық дәрігерлер бiлiктiлiгін арттырды

Облыс әкiмiнiң қолдауымен, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы бас консулы Аманқұл Нуриддиннiң үйлестіруімен осы жылдың 15-27 сәуірі аралығында сырбойылық 10 реаниматолог, 5 кардиолог дәрігер "Memorial Sisli hastanesi" клиникасында 2 апталық тағылымдамадан өтті.
Аталған клиника пациенттерге көрсететін медициналық қызметінің ауқымы және сапасы жөнінен Стамбулдағы ең озық мекемелердің бірі деп есептеледі. Деректерге қарағанда, әлемнің 90-нан астам елінің азаматтары осы клиникада емделеді екен. Қызылордалық дәрігерлер бiлiктiлiк арттыру курсын аяқтап, сертификат алды. Мамандар жинаған тәжірибесін тұрғындарға медициналық қызмет көрсету барысында қолданбақ.
Айта кетейік, өңірде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын нығайтуда, маман тапшылығы мәселесін шешуде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алыс-жақын шетелдерде біліктілігін арттырған дәрігерлер инновациялық емдеу тәсілдерін облыс медицинасына енгізуде. Алдағы уақытта жетекші клиника дәрігерлерінің шеберлік кластарын ұйымдастыру арқылы да мамандар шеберлігін шыңдау жоспарда бар.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
09 мамыр 2024 ж. 251 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031