Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық білім гранттарының саны 5 мыңға дейін көбейеді

Медициналық білім гранттарының саны 5 мыңға дейін көбейеді

Медициналық оқу гранттарының саны 5 мыңға дейін көбейеді. Мұны денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сенаттың баспасөз алаңында айтты.
«Бүгінгі таңда республикада 70 мыңнан астам дәрігер жұмыс істейді. Бүкіл өңірлерден 3 900-ден астам дәрігер керек деген ұсыныс бар. Жылына 6 000-нан астам дәрігер, соның ішінде 2 000-нан астам көпбейінді дәрігер даярланады. Осы 3 900 дәрігердің ішінде 2 000-ы — алғашқы медициналық көмек көрсететін учаскелік дәрігерлер. Жалпы практикалық дәрігерлерге сұраныс көп. Олардың жартысынан көбі ауылдық елді мекендерге қажет», — деді ведомство басшысы журналистердің сауалына берген жауабында.

Денсаулық сақтау министрі, әсіресе қандай мамандар тапшы екенін атап өтті.
«Сонымен қатар стационарларда жұмыс істейтін анестезиолог, реаниматолог дәрігерлер, акушер-гинеколог дейтін дәрігерлерге, педиатрия саласында неонатологтерге сұраныс көп», — деді Ажар Ғиният.
Министр бұл тапшылықты азайту үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтты.
«Министрлік жыл сайын бюджеттен грантпен оқитындардың санын көбейтіп отыр. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бойынша жыл сайын гранттың саны көтеріліп, 5 000-ға дейін жеткізіледі. Қазір оның саны 4 500-ден жоғары. Сонымен бірге әкімдіктер өздері грант бөліп отыр. Кейінгі кезде кейбір медициналық ұйымдар өз емханаларына өз қаражаты есебінен қажет мамандарды резентурада дайындата бастады», — деді министр.
28 сәуір 2022 ж. 501 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930