Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны кезінде тікұшақпен 2607 адам құтқарылды

Су тасқыны кезінде тікұшақпен 2607 адам құтқарылды

Фото: zhaikpress.kz

Су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғаныс қызметкерлері 62 мыңға жуық адам, оның ішінде 15 мыңнан астам бала және 45 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пункттеріне 13 мыңнан астам адам оның ішінде 6800-ге жуық бала эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин ОКҚ брифингінде мәлім етті.
Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктері және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 2607 адам, оның ішінде 760 бала құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 7 миллионнан астам текше метр еріген су сорылды. 911мыңнан астам қапшық және 907 тонна инертті материал төселді.

«Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 9 мыңнан астам адам, 2 мың бірлік теxника, 5 жүзге жуық жүзу және су айдау құралдары бар. Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның 10 әуе кемелері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3365 жеке тұрғын үй, 200 аула аумағы және 1059 саяжай үйлерін су астында қалуда. Сондай - ақ республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар су шайған 85 автожол және су жүрген 135 автожол республикалық штабтың бақылауында», - деді спикер.
07 сәуір 2024 ж. 159 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031