Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мәслихаттың XIII сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың XIII сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIII сессиясы өтті. Сессияға облыс әкiмi Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, облыс әкiмiнiң орынбасарлары мен құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық басқармалар және аумақтық инспекциялардың басшылары қатысты. Аудан, қала әкімдері, мәслихат төрағалары және активі бейнебайланыс жүйесі арқылы қосылды.
Айта кетейік, 25 сәуір күні ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтіп, нәтижесінде 78,9% дауыспен Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы сайланды.

Бүгінгі сессияда ҚР Парламенті Сенатына сайланған Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлының мәслихат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов қалыптасқан бос орынға 2023 жылдың 19 наурызынан бастап «AMANAT» партиясы облыстық филиалының партиялық тізіміне бірінші болып тіркелген Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлының жаңа депутат ретінде тіркелгенін хабарлады.

Сонымен бірге, сессияда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ашық дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Наурызбай Байқадамовқа облыстың ең жоғарғы наградасы - Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, Мұрат Тілеуімбетовтың жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

«Өңірде атқарылған ауқымды шаралардың әркез басынан табылып, облыстық мәслихаттың төрағасы ретінде халық қалаулыларын мақсатты жұмыстарға жұмылдыра білген Наурызбай Сейтқалиұлының еңбегін ерекше атап өту қажет. Тек депутаттармен, мемлекеттік органдармен жұмыс жасап қана қоймай, өңірдің идеологиялық бағыттағы маңызды жұмыстарына, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтық қоғам өкілдерімен де бірлесіп, белсенді шаралар атқарды. Облыстық мәслихаттың және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы ретінде жұмыстарды жоғары деңгейде үйлестіріп, ел мүддесі жолында адал қызмет еткен Наурызбай Сейтқалиұлына Сыр өңірі халқының және өзімнің атымнан алғысымды білдіремін!
Осы кезге дейін Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарып келген Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы өздеріңіздің қолдауларыңызбен қызметін Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы ретінде жалғастыратын болады. Мұрат Жолкелдіұлы - 15 жылға жуық мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі басшы. Осы кезге дейін атқарған қызметіңізге алғыс білдіріп, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы болып сайлануыңызбен құттықтаймын! Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттағы жұмыстарды депутаттық корпуспен әрі қарай жандандырып, жүйелі түрде жүргізеді деп сенеміз. Алдағы бірлесіп атқарар жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» , - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

27 сәуір 2024 ж. 222 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 121

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930