Депутаттар сайлаушыларымен кездесті

Жиында алдымен аманаттық депутаттар партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында орындалып жатқан және алдағы жылға жоспарланған шараларға тоқталды. Сонымен қатар, облыс, аудан көлемінде іске асырылып жатқан нәтижелі жобалар жайында айтып өтті.
Мұнан соң ауыл тұрғындары тарапынан бақшалық жерді жыртып, дайындау мәселесі, интернет жүйесін жақсарту, ауылға іргелес каналдары қазу және тазалау бойынша талап-тілектер айтылды.
Өз кезегінде халық қалаулылары барлық мәселелерді мұқият тыңдап, әрбіріне жеке-жеке жауап берді.
Бақшалық жерді жыртып дайындау мен ауылға іргелес каналдары тазалау мәселесі бойынша алдағы уақытта арнайы техника үйлестіретіндерін айтып, тұрғындардың алғысын алды.