Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманаттық депутаттардың сайлаушылармен есепті кездесулері басталды

Аманаттық депутаттардың сайлаушылармен есепті кездесулері басталды

Қазалы аудандық мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері өз сайлау окургтері бойынша елді мекендерді аралап, халықпен жүздесуде. Негізгі мақсат – халық қалаулылары атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, сайлаушылармен бірге өзекті мәселелерді талқылау.

Есеп беру кездесудің алғашқы күні аудандық мәслихат депутаттары Нұрғиса Жалғасбаев пен Әділбек Сарабеков №11 сайлау округіне қарасты Басықара, Құмжиек, Қарашеңгел ауылдық округтерінде болды.

Ең алдымен Әділбек Сербайұлы өз сайлаушыларына депутаттық өкілеттік берілген кезден бастап атқарған жұмыстарын баяндаса, ал партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлы фракция құрамымен жасалған жұмыстарды, сондай-ақ партияның «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» және «Жер аманаты» сынды жобаларына ерекше тоқталып өтті.

Осы күні аманаттықтар Арықбалық, Көларық және Мұратбаев ауылдық округтерінің де сайлаушыларымен кездесті. Сайлауалды бағдарламаласының орындалуы туралы айтқан Нұрғиса Жалғасбаев, партия бағдарламасының да жыл қортындысымен қалай жүзеге асқанын тарқатты.

Жалпы ауылдық округтердегі кездесулерде жергілікті тұрғындар тарапынан түрлі тақырыптарда ұсыныс-пікірлер айтылып, жиынға арнайы қатысқан сала басшылары және ауылдық округ әкімдерімен бірлесе талқыланды.

#AMANAT
06 ақпан 2024 ж. 288 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 155

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031