Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар сайлаушылармен кездесті

Депутаттар сайлаушылармен кездесті


Халық қалаулысы атанып, ел мен билік арасында алтын көпір атану – үлкен жауапкершілік жүктейтіні ақиқат. Жүктелген жауапкершілікті сезініп, сайлаушылардың мұң-мұқтажын, түйінді мәселелерін шешуде депутаттарымыздың еңбегі жетерлік. Қазіргі таңда партияның жаңа құраммен жасақталған аудандық мәслихаттағы фракция мүшелерінің үнемі сайлаушыларымен кездесіп, олардан түскен ұсыныс, талап-тілектері мен қозғаған мәселелері бойынша іс-әрекет жасауы басты назарда. Сайлаушылардың аманаттарын орындауға атсалысып, олармен үнемі кездесу жасап, көкейтесті мәселелерді бірлесе шешу әрине халық қалаулыларына деген құрметті арттырары сөзсіз.
«AMANAT» партиясынан сайланған халық қалаулылары депутаттық мандатын алғалы бері сайлауалды бағдарламаның орындалуына атсалысумен қатар ауданда әлеуметтік маңызды нысандардың жаңартылуына, жол жөндеу жұмыстарына, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жұмыстарына қомақты үлес қосып келеді.

Осы ретте бүгін облыстық мәслихат депутаты Имандосов Нұрлан Самұратұлы, аудандық мәслихат депутаты Бөлебаев Райымбек Болатбекұлы Ғ.Мұратбаев ауылдық округінде сайлаушылармен кездесіп, партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында орындалып жатқан және алдағы жылға жоспарланған шараларды баяндады. Сонымен қатар, партияның «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» жобалары аясында жүргізілген нәтижелі жұмыстарды айтып өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс, ой-пікірлерге тұшымды жауап беріліп, сайлаушылар тарапы депутаттарымыздың ел игілігі жолындағы алдағы уақыттарда атқаратын жұмыстарына табыстар тіледі.

Кездесу соңында халық қалаулылары тұрғындар тарапынан түскен әрбір өтініш –тілек жауапсыз қалмайтындығын айтып, халық игілігі жолында аянбай қызмет ететіндіктерін жеткізді.
#AMANAT
17 қазан 2023 ж. 357 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 38

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 37

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 41

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 42

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031