Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Апат болған аймақтардың халқына уақытша несиелік демалыс керек

Апат болған аймақтардың халқына уақытша несиелік демалыс керек

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Сонымен қатар, баспанасынан айырылған азаматтарды оңтайлы орналастыруды жеделдетуді сұрады.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да барын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында топан су басқан өңірлердегі мәселені көтерді, деп жазады El.kz.

Біріншіден, тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар. Дәлелімен айтсақ, Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленгені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеліп соқты. Жергілікті билікпен жауапты министрліктер оған дейін дабыл қаққан әріптестерім Д. Тұрғанов, Б. Базарбек Жылой аудандық мәслихатының депутаты С. Сәрсенбаевтардың депутаттық сауалдарына бей-жәй қарағаны да бұл апаттың бір себебі деуге әбден болады, - деді ол.

Депутат «бөренеден аттаймыз» деп есеп беріп, сіріңкеге сүріне беретін мемлекеттік органдардың шалағайлығы жауапқа тартпаса жалғаса беретінін алға тартады.

Президентіміз айтқандай жауапкершілік алудан қашып, жұмысты бір-біріне сілтеп отыратын қызметкерлер мен жергілікті ірі компаниялар әрекеттері жазалануы тиіс. Екіншіден, апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындарының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейді, өйткені, шаралардың нақты алгоритмі жасалмаған, Комиссия қалай құрылып, қалай жұмыс жасайтыны жайлы халыққа дұрыс хабарланбаған. Сол себептен Комиссия жұмысын жеңілдетіп, халықпен тікелей байланыстыру мақсатында оның құрамына ел сеніміне ие болған жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейміз, - деді Ринат Зайытов.

Халық қалаулысы апат болған аймақтардың тұрғындарына уақытша несиелік каникулдарды жан-жақты қарастыруды сұрайды. Сонымен қатар, баспанасынан айырылған азаматтарды оңтайлы орналастыруды жеделдетуді сұрады.
17 сәуір 2024 ж. 229 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 121

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31