Заңсыз салынған бөгет, әлсіз әзірлік
Су басқан өңірлерден жақында ғана оралған депутаттар Үкіметке халықтың өтініш-тілегін жеткізе бастады. Бүгін өткен Мәжіліс отырысында Ринат Заитов көзімен көріп келген ахуалды баяндап, халықтың шығынын өтеудің жүйелі алгоритмі құрылмағаннан азаматтар әлі де алаңдаулы екенін айтып, Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Мәжілісмен бүгінгі сауалын халық сөзі деп қабылдауды сұрады. Ол биылғы су тасқыны табиғи апат ретінде сипатталса да, адами салғырттықтың да бар екенін жоққа шығармады.
«Тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар. Дәлелімен айтсақ, Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленгені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеліп соқты», деді Ринат Заитов.
Депутат жақында парламент кулуарында көтерілген мәселеге жете көңіл бөлмеудің де салдары тигенін ашық айтты. Мәжілісмендердің атынан сөз алған депутат: «Президентіміз айтқандай, жауапкершілік алудан қашып, жұмысты бір-біріне сілтеп отыратын қызметкерлер мен жергілікті ірі компаниялар жазалану тиіс», деді.
Сондай-ақ депутат мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің жүйелі жоспарын әзірлеп, халыққа түсіндіруді ұсынды.
«Апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындары қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейді, өйткені, бұл шаралардың нақты алгоритмі жасалмаған, Комиссия қалай құрылып, қалай жұмыс жасайтыны жайлы халыққа дұрыс хабарланбаған. Сол себептен Комиссия жұмысын жеңілдетіп, халықпен тікелей байланыстыру мақсатында оның құрамына ел сеніміне ие болған жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейміз. Апат болған аймақтардың тұрғындарына уақытша несиелік каникул қарастыруды сұраймыз. Сонымен қатар баспанасынан айырылған азаматтарды оңтайлы орналастыруды жеделдетуді сұраймыз», деді депутат.
Ринат Заитов Үкіметтен от пен суда темірдей төзімділік танытып жатқан халық сеніміне селкеу түсірмеуді, олардың талап-тілегін орындауды сұрады.
«Төзім мен бірліктің арқасында біз бәріміз бұрынғы биліктің жақтастары жасаған қастандықты да, мемлекет тұтастығын бұзғысы келетін сайқал саясаттарын да іске асыруға жол бермей келеміз. Бұл – ұлы ерлік! Ендігі кезекте арсыз арандатудың жетегінде кетпей, жұдырықтай жұмылып, тәуелсіздікті сақтау жолында малын да, жанын да құрбан етіп жатқан, халықтың талап-тілегі тиісті деңгейде орындалады деген үміттеміз», деп түйіндеді Ринат Заитов.