Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 710 сантиметрге жетті

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 710 сантиметрге жетті

Фото: Kazinform
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың 9 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша облыс орталығында су деңгейі 710 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетіп отыр.

Жайық өзенінің Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетіндегі деңгейі 4 сантиметрге (773 см, қауіпті деңгейі – 1 250 см) төмендесе, Көшімде (+2, 653 см – 850 см), Тайпақта (+30, 373 см – 850 см) көтерілуі байқалады.

Сондай-ақ, Көшім каналындағы су деңгейі бір тәулікте 40 сантиметрге (792 см) жоғарылап, қауіпті деңгейге (800 см) жақындады.

Есесіне Шаған өзені Чувашин тұсында 50 сантиметрге (1 224 см) түсті.

БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов басты назар Жайық өзені бойында орналасқан Орал қаласы мен төрт ауданға аударылып отырғанын жеткізді.

«Қазіргі кезде барлық күш облыс орталығы мен Бәйтерек, Бөрлі, Ақжайық және Теректі аудандарына жұмсалуда. Орал қаласында бөгеттерді нықтау жұмыстары бір-екі күнде бітпекші. Бәйтерек пен Бөрліде қарқын жақсы. Ақжайық пен Теректі аудандарында да шаралар атқарылып жатыр», - деді Қ.Айтмұхамбетов.

«Жағдай әзірге қалыпты. Бірақ ертеңнен бастап Жайықтағы су деңгейі өсе береді. Шарықтау шегі 15-16 сәуірде деп отырмыз», - деді Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласынлағы саяжайлардан тұрғындар көшіріліп жатқанын жазған болатынбыз.
09 сәуір 2024 ж. 211 1

Eleanore от 29 мамыр 2025 22:55
Wonderful tips, Regards. casino en ligne France Thanks a lot! Fantastic information. casino en ligne fiable You revealed this adequately! meilleur casino en ligne Many thanks! I enjoy this. casino en ligne Appreciate it! A lot of advice. meilleur casino en ligne Excellent content, With thanks. casino en ligne fiable Kudos. Lots of data. casino en ligne You made your point! casino en ligne France You actually said that perfectly. meilleur casino en ligne Kudos. Numerous stuff! casino en ligne francais

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031