Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сартай батыр неге Қазалы топрыағында жерленген?

Сартай батыр неге Қазалы топрыағында жерленген?

Аңырақай шайқасында мың баладан қол жинап, жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен жаужүрек Сартай батыр туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер мен тарихи-жырлар жетерлік. Қалың оқырман оған бұрыннан қанық. Алайда Арал ауданының, Ақшатау жерінде дүниеге келген Сартай батыр неге Қазалыда жерленді?
Ақын Нұрмағанбет Қосжановтың Сартай батыр атты тарихи поэмасында мың баланың жасағын басқарған 15 жасар Сартайдың Әбілқайыр хан басқарған қазақ халқының әскерімен бірге Аңырақай шайқасындағы ерлігі жырланады. Тарихи жырдағы дерекке сүйенер болсақ, Сартай 1710-1711 жылдары дүниеге келген деп топшылауға болады. Сонымен қатар Сартайдың шығу тегін Арал өңірі қазақтарының шежірелік мәліметтерінде ол кіші жүз Әлімұлы тайпасының шекті руына жатқызады. Ақын З.Шүкіровтің жазып қалдырған шежіресінде Жаманақ / Шекті / Шыңғыс – Жақайым, одан – Ақбура, оның үлкен әйелінен – Абат, кіші әйелінен – Асан. Асаннан үлкен Асан және кіші Асан. Ал кіші Асаннан – Қосқұлақ, одан Байжан. Байжан бидің екінші әйелінен – қолбасшы, би, батыр Сартай шамамен 1711 жылы туып, ұзақ өмір сүріп, 1817 жылдың қыс мезгілінде қазіргі Қызылорда облысы, Арал ауданы (бұрынғы Райым бекінісі жанында) Ақшатау елді мекенінде қайтыс болып, Қазалы ауданында жерленген.
Жазушы Темірбек Дәрменов «Мырзастағы жыр-мұра» кітабында былай деп жазылады. Ел аузында мынадай аңыз бар. «Бірде Қосым қожа, Дәулет бақсы және Сартай үшеуі Қызылдың құмында келе жатады. Алдарынан шыға келген ақ қоян жай жүгіріп барып көрінген бұта түбіне жата кетеді. Ат тізгінін тежеген Қосы қожа: «Менің өлгеннен кейінгі бейітім – анау ақ қоян жатқан жер. Сен, Сартай, оң жағыма, Дәулет бақсы, сен сол жағыма жайғасарсың», – депті. «Ау, Қожеке, жер арасы шалғай, мына жерге қалай, кім жеткізеді бізді?» – деген Сартайдың сұрағына «Ештеңе етпес, өзім алдырамын» – деп Қосым қожа жауап қатқан екен.
Дүниеден қайтар сәтінде араздасып-қоштасқан ағайын-туыс балаларына Сартай: «Мені Қызылдың құмына, Қосым қожаның жанына жерлеңдер», – деп өсиет айтыпты. Қыс мезгілі болса керек, әкеөсиетіне шошына қараған баласына: «Балам, мен Ақбас атанға артып, басын бос қоя бер, межелі жерге сол жеткізер», – деп, сабырмен жауап беріпті. Қыстың саршұнақ аязына қарамастан желе жортқан ақас атан қаралы топты Қосым қожаның беітінің жанынан жеткізгеннен күн райы бірден сынып, сіреу қар ери жөнеліпті. Еш қиындықсыз Сартай денесін жер қойнауына тапсырып, қайтуға жиналғанда қыс қаһары қайтадан күшіне мінген көрінеді.
Біреуден біреуге жеткен бұл әңгімені аңыз десек те әруақты бабалар құдіретіне шек келтіріп болмас.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
06 сәуір 2024 ж. 243 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031