Корей елімен ынтымақтастық артпақ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда универиситетіне Оңтүстік Корея Республикасы, Чоллабук-до провинциясының Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің президенті Ким Дэ Сик, аталған агенттіктің Стратегиялық даму бөлімінің басшысы Ким Ен Ха, маманы Ким Син Енг арнайы іс-сапармен келді.
Студенттер сарайында өткен делегация өкілерімен кездесуге Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыс және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева, Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Жандос Базартай, Басқарма мүшесі - стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор Нұрлан Уразбаев және Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Гүлназия Альмаханова, халықаралық жобалар бөлімінің қызметкері Тимур Кеншінбай қатысты.
Жиында Ким Дэ Сик мырза Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен білім және ғылым саласындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сапарының мақсаты мен қазақстандық әріптестеріне өз тәжірибелерімен бөлісетінін айтты. Әсіресе екі елдің университет ректорларының тәжірибе алмасуына әзір екендігін жеткізді. Тимур Ибрайұлы қонақтарды оқу орнының мұражайымен таныстырды. Университет тарихы, онда қызмет еткен корей ұлтынан шыққан ғалымдар, университет жетістіктері туралы мағлұмат берді.
Мұнан соң ғылыми кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Айгүл Қиясова кітапхана қорындағы XVIII ғасырда жарық көрген күріш қағазынан жасалған корей халқының кітаптарымен таныстырды. Корей заңдарының жинағы, жазушыларының шығармалар топтамасы да қаз-қалпында сақталғанына ризашылықтарын білдірді. Кездесу нәтижесі бойынша өңірге маңызды бірқатар салалардың мамандары Чоллабук-до провинциясында тәжірибе алмасатын болып шешілді. Сонымен қоса бірлесіп Қазақстан және Корея ЖОО ректорларының бас қосуын ұйымдастырып білім және ғылым саласында кореялық технологиялармен танысу жоспарланды. Университет басшылығы делегация мүшелеріне естелік сыйлық табыс етілді.
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университеті
Қызылорда университеті