Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ЖОО-да Академиялық жазу орталығы ашылады

Қазақстандағы ЖОО-да Академиялық жазу орталығы ашылады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдерінен құралған делегация келді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып EL.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Делегацияны Мәдениет және білім жөніндегі атташенің орынбасары Джон Орак, ағылшын тілі бағдарламасының маманы Ольга Патерова және бағдарлама координаторы Айдана Талғат бастап келді.

АҚШ Елшілігінің делегациясы шетел тілдері факультетіне барды. Факультет деканы Гүлнәз Тлеужанова және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Еркебұлан Тажбаевтың басшылығымен шетел тілдері факультетінің деканы Г. Тлеужанованың, халықаралық ынтымақтастық басқарма басшысының м.а. М. Успанованың қатысуымен АҚШ елшілігі өкілдерінің ресми кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуде түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды, - делінген мәліметте.

Атап айтқанда, қатысушылар академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде шетел тілдері факультетінде академиялық жазу орталығын ашу жобасын талқылады. Осы жоба аясында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап орталықта ағылшын тілінде сөйлейтін маман ақысыз негізде жұмыс істейді және білім алушыларды да, профессор-оқытушылар құрамын да академиялық жазуға үйретеді.

Кездесу барысында екі тарап өкілдері ағылшын тілін оқытуды ілгерілету саласындағы және түрлі ғылыми салалардағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.
18 наурыз 2024 ж. 63 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930