Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Берекелі мерекені бірлікте қарсы алды

Берекелі мерекені бірлікте қарсы алды

Ғасырдан аса тарихы бар «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы Қазалы локомотив жөндеу зауыты ұжымы наурыз мерекесін тойлады. Береке мен бірлік мейрамын зор қуанышпен қарсы алған көпшілікке ақ дастархан жайылып, ән мен жырдан шашу шашылды. Мекеме ауласына шат-шадыман көңіл күйде жиналған ұжымдастар бір-бірімен төс қағыстыра амандасып, ақ жарма тілектерін арнап жатты.
Бұл іргелі мекеме алғашында Орынбор-Ташкент темір жолының Қазалы паровоз депосы деген атауда болған. Одан кейін Орынбор-Ташкент қазыналық темір жолы Қазалы паровоз-вагон негізгі депосы, паровоз депосы, кейін локомотивтердің-тепловоздардың жаңа типтері шығуына байланысты локомотив депосы болып аталды. Осындай уақыт сынынан өткеннен кейін «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында мекемелерде қосымша жұмыс орнын ашып-жөндеуді, өндірісті шоғырландыру, тепловоздарды жөндеуге өндірістік қуатты дамыту мақсатында «Қазақстан» темір жолы» бұйрығымен Қазалы локомотив депосы ТЭМ-2 сериялы маневрлі тепловоз жөндеу зауыты болып қайта құрылды. Ал 2009 жылдың қараша айынан бастап «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» филиалы болып қайта құрылды. Мекеме атауы сан мәрте өзгергенімен бұндағы тәртіп пен талап күшінде. Талай толқын алмасса да ұжымдастардың ауызбіршілігі мен ынтымақтастығы бүгінгі мерекелік іс-шара кезінде де айқын көрініс тапты.
Әріптестерін айтулы күнмен құттықтағын мекеме басшысы Нұрлан Алмағамбетов: «Құрметті ұжымдастар! Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрамбереке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан еліміздің ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлермен асқақтай бермек. Баршаңыздың деніңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Наурыз – айрықша мейрам. Бұл күн қыс аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді. Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін. Дастарқандарыңыз мол болсын», – деген ізгі тілегін білдірді.
Бұдан соң мерекеге орай өндірістің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін зауыттың бірқатар жұмысшысы Қазалы локоматив жөндеу зауыты директорының және «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліштің алғыс хаты және мекеменің кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйлығымен марапатталды. Мерекеде мерейі үстем болған жандар қатарында дизель жөндеу цехының жөндеушісі Шат Әбубәкіров, дизель бөлшектерін дайындау цехының жөндеушісі Ержан Ерназар, автоматтты тежегіш жөндеу цехының жөндеушісі Амангелді Ахметбаев, доңғалақ жөндеу цехының жөндеушісі Амантай Төлеуов және дизель жөндеу цехының жылжымалы құрама тазалаушысы Гүлнара Төлебаева бар.
Мерекелік шара кезінде әріптестер бір-біріне деген ыстық ықыласын, кең пейілін, дархан көңілін тілектерімен жеткізді. Ұйымдастырушылар бата алып, алғыс арқалады. Дастарқан басына жиналған көпшілік Наурыз көжеден дәм татып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай деген тілекпен тарқасты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
23 наурыз 2024 ж. 107 0

Елдік – ерге ұран

09 мамыр 2024 ж. 24

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 83

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 102

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 102

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 103

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031