Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Абай ауылында болды

Аудан әкімі Абай ауылында болды

Қазалы ауданына жақын орналасқан ауылдардың бірі - Абай ауылы. Екі аралықты Сырдария өзені бөліп жатқан округтің бүгінгі аяқ алысы көңіл қуантарлықтай.
Былтырдың өзінде елді мекен жұрты үшін жағымды жаңалықтар аз болмады.
Мәселен, мұнда газ құрылысы жүріп, қазіргі күні аяқталуға жақын. Сәтін салса, абайлық ағайын көгілдір отын игілігін көретін күн алыс емес. Мұнан бөлек, дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, ауылдағы орталық саябақ абаттандырылды.
Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Абай ауылына арнайы барып, ондағы әлеуметтік нысандардың жұмысын көрді, сондай-ақ елді мекеннің халқыменде кездесті.
Абай ауылдық клубында өткен басқосуда аудан басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен алдағы жоспарлар жайында айтып өтті.
Мұнан соң ауылдағы №23 «Қарлығаш» балабақшасы, Абай атындағы №90 орта мектеп, әкімшілік ғимараты мен дәрігерлік амбулаторияның және ауылды газдандыру жұмыстарының барысын көрді.
Аудан басшысы ауыл халқымен мекеме басшыларына ең әуелі тазалық мәселесіне аса мән беріп, ауылды көркейту-көгалдандыру бағытында ауызбіршілікпен жұмыс жасауға шақырды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
22 наурыз 2024 ж. 456 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930