Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысты

Аудан әкімі ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысты


Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Басықара, Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр және Ғани Мұратбаев ауылдарын аралап, елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысты. Аралау барысында аталмыш ауылдардың тұрғындарымен тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерінде тыңдап қайтты.

Мейрамбек Зинабдинұлы алдымен Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабының жұмысын көрді. Су торабының бастығы Болат Әсербаев өндірістік учаскенің жұмысы жайында баяндады.


Мұнан соң аталмыш ауылдық округтерде орналасқан мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб, спорт кешені сынды барлық әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жағдайын көрді. 

Аралау барысында әрбір мекеме басшысына ең әуелі әлеуметтік нысандардың тазалығына аса мән беріп, барлық талаптарға сай болуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Ал ауыл тұрғындарымен кездесу барысында жастарды жұмыспен қамту, ауылға балабақша салу, қоғамдық көлік, көше жарықшамдарын қайта қалпына келтіру, жедел жәрдем көлігінің жоқтығы, жол салу сынды тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерге заңдылыққа сәйкес жауап беріп, айтылған ұсыныстардың барлығын реттілігімен шешуге жұмыс жасайтындығын жеткізді. Сондай-ақ айтылған әрбір ұсыныстарға байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Елді мекендерді аралау барысында ауыл әкімдеріне әуелі ауылдың тазалығына назар аударып, ауылды абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына ауызбіршілікпен ауыл халқын жұмылдыруды айтты.

Сондай-ақ көше бойларындағы жарықшамдармен қоршауларды, жол белгілерін ретке келтіріп, сырлап, ағаш түптерін әктеу, қураған ағаштарды кесіп орнына көшет отырғызу және басқа да ауылды көркейту бағытындағы жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

#Қазалы
08 наурыз 2024 ж. 70 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031