Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » S&P халықаралық агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

S&P халықаралық агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Фото: depositphotos.com
Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның «BBB-/А-3» деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтингін, «Тұрақты» болжамын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін Қазақстанның фискалдық және сыртқы баланстарының орнықтылығы ел рейтингін қолдаудың негізгі факторлары болып қала беруде.
S&P сарапшылары экономиканың өтімді сыртқы активтері алдағы бірнеше жылда сыртқы борыштан айтарлықтай асып түседі деп болжайды.
Есепте экономиканың өсуі құрылыстағы, өнеркәсіптегі, саудадағы, ақпарат пен байланыстағы белсенділікке байланысты екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар, cарапшылар инфрақұрылымды дамытуды және одан әрі әртараптандыруды қоса алғанда, Үкіметтің ынталандырушы шараларын атап өтті.
S&P экономикалық реформалардың жалғасуы және мемлекеттік шығыстардың орташа өсуі 2024-2027 жылдардағы тапшылықты азайтады деп күтеді.
ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде тәуелсіз рейтингті сақтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.
02 наурыз 2024 ж. 246 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 22

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 17

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31