Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » S&P Қазақстанның кредит рейтингісіне баға берді

S&P Қазақстанның кредит рейтингісіне баға берді

Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 3,6% деңгейінде болуы мүмкін. Standard&Poor's рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде екенін растады, болжам "тұрақты", деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары екенін жеткізді. Өтімді сыртқы активтердің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді. "S&P мемлекеттік және сыртқы баланстар алдағы жылдары тұрақты болып қала беретінін және ықтимал макроэкономикалық тұрақсыздықты жұмсарту үшін жеткілікті болатынын атап өтті. Агенттіктің мәліметіне сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың қайталама салдарын еңсеруге болады және бұл Қазақстанның негізгі мұнай және газ экспорты нарығына шығуында ірікілістерге алып келмейді", - деп жазылған хабарламада. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру бойынша шаралар аясында жалғаса береді. "Ұлттық банктің несиелендіру бағдарламаларынан шығуы артық теңгелік өтімділікті төмендетеді, сондай-ақ трансмиссиялық механизмдерді жақсартады", - деп жазылған хабарламада. Standard&Poor's 2022 жылы Қазақстан экономикасы 3,6% деңгейінде және 2025 жылға дейін орта есеппен шамамен 4% деңгейінде өседі деп болжам жасап отыр.
05 наурыз 2022 ж. 348 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 109

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031