Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен қазақтың келінімін

Мен қазақтың келінімін

Алғыс айту күні бейбіт өмір мен ынтымақтаса тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – мемлекеттің ең маңызды байлығы. Еліміздің басқа өңірлері секілді Қазалы жеріне де кезінде белгілі себептермен сан ұлттың өкілі қоныс аударған. Олар бүгіндері бір-бірімен тату өмір сүруде. Қазақпен құдандалы болып, қыз беріп, келін алып туыстық қарым-қатынасты арттырды. Мереке қарсаңында қазақ отбасына келін болып отырған өзге ұлт өкілдерімен тілдесіп қайтқан едік.

Ольга ТАЙҒАРАЕВА:
– Мен орыс ұлтының өкілімін. Қармақшы топырағында дүниеге келдім. 1989 жылы отбасымызбен Қазалыға қоныс аудардық. Жолдасымды мектеп оқушысы кезінен танимын. Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 мектепте білім алдым. Қазір Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде жұмыс істеймін. Жолдасыммен 1997 жылы наурыз айында отау құрдық. Шүкір, үш ұл, үш қыздың ата-анасы атандық.
Жолдасым қайтарымсыз несие алып, мал шаруашылығымен айналысып отыр. Отбасылық кәсіпке барлығымыз да қол ұшын береміз. Болашақта кәсібімізді кеңейтіп, мал басын көбейтуді жоспарлап отырмыз.
Бала кезден қазақы ортада өскен соң ба мен үшін келін болып түскенде ештеңе тосын болмады. Лезде сіңісіп кеттім. Түскен шаңырағымда керемет болды. Үйдегі үлкендер жақсылығымды асырып,білместігімді жасырды. Қонақжай қазақ халқының салт-дәстүрінің барлығын білемін әрі орындаймыз.

Шахноза АЙТМЕТОВА:
– Түркістан қаласының тумасымын. Ұлтым өзбек. Он алты жыл бұрын қазалылық Бейсенби деген азаматқа тұрмысқа шықтым. Алты бала өсіріп отырмыз. Үлкенім 7-сыныпта, кейінгілері 6, 3 және 1 сыныпта оқиды. Кенже екі қызымыз балабақшада.
Үйде енем бар. Қазаққа тән барлық жөн-жоралғыны білемін. Екінші анамнан да үйренгенім көп. Отбасылық кәсіппен айналысамыз. Кент орталығынан шайхана аштық. Көктемде көшет сатамыз. Қазалының жасыл желекке оранып, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлау үшін түрлі гүлдер де сатамын. Ас әзірлегенді ұнатамын. Әдемілікке жаным құмар. Бау-бақша өнімдерін де бір кісідей күтіп-баптаймын.
Мені ешкім, ешқашан «сен өзбексің» деп бөлген емес. Қазақ халқының осы дархан көңілі ерекше ұнайды.
Қазақ қашан да бауырмал халық. Әрқашан татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қойын-қолты қараласа өмір сүрудеміз. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысып, әрқайсысымыз әржерде, өз саламызда татулыққа, келісімге, бірлікке өз үлесімізді қосудамыз.

Нәбира БАРКОВА:
– «Халықтардостығы» жай айтылған сөз емес. Әр кезеңдерде қазақ елі өзінен пана іздепкелгендердің бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердіңөзінде бір үзім нанды бөліп жеген. Сөйтіп қаймағы бұзылмаған көпұлтты мемлекетболды. Бүгінде түрлі ұлттар мен ұлыстардың барлығы бір шаңырақ астында бірүйдің баласындай ғұмыр кешіп келеді.
Мен өзімтуған №103 Қ.Пірімов атындағы орта мектепті бітірген соң Қостанай қаласындағыАхмет Байтұрсынов атындағы университетке грант негізінде оқуға түстім. «Қайтаөңдеу өнімдерінің технологиясы» мамандығын меңгердім. Мамандығым бойынша «РЗА»күріш заводында еңбек еттім.
Жолдасым АйбекЖұбатыровпен 2021 жылы шаңырақ көтердім. Бір қызымыз бар. Үйде ата-енемментұрамын. Үлкендерге сәлем саламын. Орамал тағамын. Ұлтым өзге болғанымен, қазақыауылда өскендіктен біршама салт-дәстүрді кішкене күнімнен білемін. Келін болыптүскеннен кейін екінші анам білмегенімді үйретіп, үлкен өмірге әлі де баулыпкеледі. Қазір кәсіппен айналысамын. Бала күтіміне байланыстыдемалысқа шыққан соң алғашында интернет арқылы резинарт (смоламен жұмыс)туындыларын жасадым. Әсіресе сағат картина мен ыдыстарға деген қызығушылығыбасым болды.
Қазір интернеттің заманы. Оны тек дұрыс бағытта пайдалана білукерек. Копильник жасауға қатты қызықтым. Бірақ алғашқы сәтсіздіктен кейінкопильникті бастауға оқтала алмай жүрдім. Қызығып жүргенімді жолдасым байқапқолдау көрсетті. Сонымен курсын сатып алып, сабаққа қатысып, жұртпен жарысыпжасай бастадым. Жасаған жұмысымды отбасы мүшелері көріп, батасын берді. Табыс көзіне айналдырып отырмын.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
02 наурыз 2024 ж. 247 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031